Абыз тау, аңыз тау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұлытау- Ұлы Даладағы қазақ этносының қалыптасу тарихымен мейілінше терең байланысқан аймақ. Көшпенділер мәдениеті жайлы: «Көшпенділер өз кезеңінде дүниеге шалбар мен ертоқымды алып келді. Осы аса маңызды «өнер тапқыштық жаңалықтардың» екеүі де көшпенділер әлемінде жасалғаны ешқандай күмән тудырмайтын ақиқат. Бұл «Өнертапқыштық жаңалықтар» кез келген данышпындық секілді өте қарапайым. Тарихи түп-түбіріне үнілсек, көшпенділер бүкіл әлемдегі, жер бетіндегі адамзат атаулының бұттарын жапқызған және кезі келгенде атқа мінгізген»,-деп кесімді пікір айтқан еуразиялық қозғалыс манифистінің авторы,аса ірі гуманист-ғалым П.Н.Савицкий 1957 жылы иммиграцияда Л.Н.Гумилевке жолдаған хатында Ұлытау құдіретіне мынандай баға береді « Тарихтың кейбір кезендерінде қазақтың сулы,нулы «қоян жон» қырқаларының да (биіктігі 1500 метрге дейін және одан жоғарырақ; мысалы, Қызыларай жоталары -1559м) этностардың өсіп дамыған ордасы болғандығына ешқандай күмән жоқ. Бұл-қазіргі Қарағанды маңы. «Қоян жон» жоталар «чудтардың» құжыныған тасқа ойып салған суреттеріне толы, бұл этностың ұзақ әрі күрделі тарихи жолдар өткендігін көрсетеді.