Абулия
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Абулия (грек. abulia — қаз. тартыншақтық, ерікті жоғалту)— жүйке ауруынан туындайтын ерік кемістігі. Абулия — әрекетті психикалық реттсудің патологиялық бұзылуы. Іс-әрекетке қызығушылығы және нақты шешім қабылдауға қабілеті болмағанда корініс береді. Психиканың басқарып реттеуші функциясын анықтау арқылы Абулия дәрежесін білеміз. Себебіне байланысты Абулия қысқа мерзімді немесе түрақты күй болуы мүмкін. Абулияның ауыр түрі — шизофренияның кататоникалық түрінің қасистінен корінеді. Мидың мандай бөлімінің ауқымды зақымдануынан пайда болады. Абулия психоневроз күйінде де жиі кездеседі. Абулия ауру адамның іс-әрекетке ынтасының жоқтығымен, қажеттігін сезсе де, шешімді қабылдай алмауы және әрекетті дұрыс жасай алмауында корініс табады. Абулия тәрбиенің дұрыс болмауынан қалыптасатын ерік-жігерсіздік сияқты мінез бітісінен ажырату қажет, себебі ондай тұлғалық қасиет өзін-өзі реттеуді жүзеге асыру арқылы қайта шынықтыруға келеді. Психопатологияда терең дәрежедегі олигофрения жағдайында кездесетін туа біткен Абулия, және мидың маңдай бөліктерінің қатғы зақымдануының немесе психикалық аурыдың ауыр түрлерінің (депрессия, шизофрения, психоздар, наркоманияның асқынған түрлері және т.б.) нотижесі болып табылатын Абулия болады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}