Абстрактілі экспрессионизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абстрактілі экспрессионизм (Abstract Expressionism), 1940 жылдың аяғында пайда болған АҚШ бейнелеу өнеріндегі ағым. А.Горьки, Х.Хофманның радикальды шығармашылықтарының әсерімен және 1930 жылдың аяғы мен 1940 жылдың басында Нью-Йоркқа қоныс аударған еуропалық көптеген суретшілердің алғы легінің арқасында дамыды. Әдетте абстрактілі экспрессионизм ағымы 1940 жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың басында Дж. Поллокпен В.Кунингілердің кенепке салған суреттерінен бастау алды деп есептелінеді. Ф.Клайн, М.Ротко, К.Стилл, Филип Гастон, Э.Франкенталер, Б.Ньюмен, Адольф Готтлиб, Р.Мозервелл, Ли Краснер, Эд Рейнхардт та осындай стильде сурет салған суретшілердің қатарына жатады. Ағым көптеген стильдерді біріктірді, бірақ өзіне тән бірнеше сипаттары да бар (яғни табиғатта жоқ пішіндерді суреттеді); олар әсершіл көріністерге, техника мен орындауға еркіндік берді; құрылымсыз кеңістікте бейнелерді біртұтас, үндестігі сақталған, бөлінбес бөлшек етіп көрсетті; суреттің көңілге ғажайып, монументалды әсер қалдыруы және тартымдылық күшін арттыру үшін үлкен кенептерді пайдаланған. Ағымның 1950 жылдары еуропалық және американдық өнерге ықпалы зор болды; бұл заманауи бейнелеу өнері шығармашылық орталығының Парижден Нью-Йоркке ауысуы деген ұғымға негіз болды.<ref>Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абстрактілі экспрессионизм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}