Абсолют көнелiктi анықтаудың радиокөмiртектiк әдiсi

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абсолют конелiктi анықтаудың радиокөмiртектiк әдiсi - атмосфераның беткі қабаттарындағы азот атомдарына ғарыштық сәуле нейтрондарының тигізген әсері нәтижесінде изотопты тотығымен араласа отырып, өсімдіктер құрамына ену мөлшерін салыстыра зерттеуге негізделген таужыныстардың абсолют көнелігін анықтау әдісі. Тірі кезінде радиоактивті көміртек тотығын өз бойына осылайша жинақтаған өсімдіктер (организмдер) өлгеннен кейін шөгіңділер құрамына енеді де, көміртекке тән радиоактивті он төртінші изотоптың оларға кірігу процесі толықтай тоқталып, бұрын кіріккен изотоптың ыдырау процесі басталады; зерттелмек нысандағы он төртінші көміртек мөлшерін зерттелу сәтінде қалыптасып жатқан өзге ұқсас түзілімдер құрамындағы осы изотоп мөлшерімен салыстыру нәтижесінде сол нысанның көнелегін біршама дол анықтауға болады; өте жас түзілімдер көнелігін анықтауда ғана тиімді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығьшьщ лауреаты А.Қ.Қүсайьшов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub