Абсолюттік массалар әдісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абсолюттік массалар әдісі (Үлгі:Lang-ru) - түзілімдену алабы түбінің нақтылы ауданында уақыт бірлігінде түзіліп үлгерген шөгінді құрамбөліктерінің абсолюттік мөлшерін есептеу арқылы сол түзілімдену алабындағы шөгіндінің түзілімдену процесін талдау әдістерінің бірі. Бұл әдіс алап ауқымының әр түрлі бөліктеріндегі түзілімдену қарқынын анықтауға мүмкіндік береді. Шөгіндінің г/см3 бірлігімен өрнектелген абсолюттік массасын анықтау нақты нүктеде уақыт бірлігінде түзілген тау жынысы қабаты қалындығын құрғақ шөгіндінің көлемдік салмағына және зерттеліп отырған құрамбөліктің пайыздық мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}