Абрскил

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Абрскил" - абхаз эпосы.

Сюжеті

Аңызда Абрскил батырдың халықты шексіз сүйгендігі, әділет, бақыт үшін күрескені жырланады. Алғашқы рет халық үшін отты жаққан. Ол абхаз пұтқа құдайы Анцвыға бас имеген. Сондықтан оны жек көрген құдай періштелерді жіберіп, Абрскилді үнгірдегі темір діңгекке байлатып тастайды. Талай өжет адамдар халық қамқоры Абрскилді босатуға, тым болмаса түрін көруге үнгірге аттанады.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998