Абдул-зиз ибн Шарафиддин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Абд ул-Әзиз ибн Шараф Әд-дин (Шараф ад-Дин) (14 ғасырдың ақыры — 15 ғасырдың басы) — тебриздік ұста, шойын құюшы. Әмір Темір билік құрған кезеңде құйылған бірқатар бұйымдардың бас ұстасы. Соның бірі — Темірдің бұйрығымен Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мешітіне арналып, 1399 жылы Түркістан маңындағы Қарнақ қыстағында құйылған алып тайқазан (құйған жердің орны күні бүгінге дейін сақталған). Бұл — өз дәуіріндегі шойын құю өнерінің ерекше үлгісі. Қазанның диаметрі 12,5 м, биікт. 1,7 м, салмағы 2 т шамасында. Ернеуінің сырт жағын жиектей құранның 9-сүресінің 19-аяты, төменгі жағына ұстаның өз аты жазылған. Қазан 1939 жылдан Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақталып келді. 1989 жылы Түркістан қаласына қайтарылып, Қожа Ахмет Ясауи мешіт-кесенесіндегі орнына қойылды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> <ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>


Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify