Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин (1905 қарашаның 7-інде, Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы) – биология ғылымдарының кандитаты (1945), Қазақ ауыл шаруашылық академиясының корриспондент мүшесі (1969).

Қысқаша өмірбаяны

Үлгі:Infobox Biography

  • 1929 - Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.;
  • 1929–35 - Қарақалпақстан мен Қазақстан жоспарлау комиттерінде;
  • 1935–54 - Қазақ мал шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтында қызметтер атқарды.
  • 1954–55 - Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесінің Қазақстан павильонында директор және аға әдіскер;
  • 1955–57 - Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биология институтында зертхана меңгерушісі;
  • 1957–60 - сол институтта директор болды.
  • 1960–62 - Гурьев (қазіргі Атырау) ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының директоры;
  • 1962–63 - Қазақстан халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің директоры;
  • 1963 жылдан - өмірінің соңына дейін Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биология институтында зертхана меңгерушісі;
  • 1978–83 - кеңесші болды.

Еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда мал шаруашылығын, оның ішінде қой және ешкі өсіруге арналған. Жандеркин Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту жолында зор еңбек сіңірді. Ол қазақтың арқар-меринос қойын шығарғаны үшін бір топ ғалымдармен бірге КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1950).

«Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.

Шығармалары:

  • Как создавался казахский архаромеринос,
  • “Колхозное производство”, 1951, №1;
  • "Разведение шерстных коз", 1950;
  • "Анатомия и физиология животных", 1954 (соавтор);
  • "Мясо-сальное овцеводство Казахстана", 1964.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

ЖАНДЕРКИН АБДУЛҒАЗИЗ ЫБЫРАЙҰЛЫ ЖАНДЕРКИН АБДУЛҒАЗИЗ ЫБЫРАЙҰЛЫ

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}