Абақ Керей Ережесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абақ Керей Ережесіқазақтың дәстүрлі ғұрыптық заңы. Ресей мемлекетінің қол астына кірмеген, дәстүрлі әдет-ғұрпынан ажырамаған қазақтардың бір бөлігі ұстанған құқықтар жинағы. Моңғолия ғылым академиясының тарих ғыл.-зерт. ин-ты қорынан табылған. 1996 ж. тұңғыш ғыл. айналымға түсікен.

Бұл заң жинағын түркітанушы ғалым С.Қаржаубайұлы Монғолияның орталық мұрағатынан алып, көне ұйғыр тілінде жазылған құжатты қазақшаға аударыпты. Ереже 17 тармақ, 35 баптан тұрады және екі бастаудан нәр алған болу керек: біреуі – қазақтың ежелден қалыптасқан әдет-нышандары, екіншісі – шариғаттың кейбір қағидалары. Мұнда қазақтың әдеттері басым екені сөзсіз. Бұл құжаттың қазақ халқының құқық тарихын зерттеуге өте қажет дерек екеніне күмәндануға болмайды. Және оның тағы бір ерекшелігі, ол – орыс патшалығына қарамаған қазақтың ұстанған құқықтық жинағы екендігінде.

Ереже былай басталады: «Біздің 12 керей тайпасы (Абақ Керей 12 атаға бөлінеді – Қ.Қ.) қазақтың үш жүзінің Орта жүзінен тарайды. Ал Кіші және Ұлы жүз қазақтары бұл кездері орыстың қол астына қараған», болып басталатын ережедегі «Абақ Керейдің Құлыбек, Ақтай, Құтымжар (Қожамжар), Көкен, Бисенбай, Өсер зәңгі, Тұрым қатарлы 12 адамы бас қосып, мал (қой) сойып, жатар орнын сайлап (дайындап) көпшілік қауымды жинай отырып, Мұхаммед (мұсылман) дінін негізге алып, 12 Абақ Керей қазағының ұстанатын заңын жасауды жоспарлапты» .

Сонымен үшінші тарау үйлену, некеге отыру жайлы. Мұнда Абақ Керейдің өз ішінде қыз алып, қыз беруіне ұлықсат етілген. Тек он екі атаның әрқайсысы өзара некеге отырмаса болғаны. Ереженің он үш бабы осы тармақтың ішіне кіреді.

Төртінші тармақта аталған сыйлы адамдардың қонаққа баруы жайында жазылған. Аталған меймандарды ықылас-ниетіңізбен қонақ қылып күтпесеңіз, айып төлейді екенсіз. Айып мөлшері де аз емес – алды сексен екі қойдан.

Келесі бір тармақ дін, молда, қожалар турасында. «Дін адамдары нағыз Мұхаммедтің үмбеті, дінді уағыздау барысында оларға қарсы бөгет, тосқауыл жасаған адамдар кездессе, оны ауыр қылмыс санап, айыппен жазалау керек» делінген.

Ережеге бөгдені мұқату, жәбірлеу турасында, несие, қарыз талап ету және қорлық, зинақорлық, жесір хақында, егіндік, шабындық жайындағы тармақтар да енген. Ең қызығы, мұнда соңғы жындану хақында дейтін тармақ та бар. Адамның емес, малдың, иттің жындануы, әрине. Тебеген атыңыз байқаусызда біреуді жазым қылса я құтырған итіңіз қауып алса да айыптан құтылмайды екенсіз. Жаза жүктету ашық жүргізілді, қандай да бір қаулы-қарар, құжат жазып қалдырылмайды. Би жалғыз өзі ғана қылмыскерді тергеп, үкім шығарады. Бидің шешімімен айып жүктелген қылмыскерге құн төлеткен, дүре соққан, ұрлық істесе саусақтарын кесіп тастау сияқты жаза берген. Осы айыптардың ішінде ең жеңілі қамшымен дүре соғу. Ол қылмысты деп есептелген адамды көптің алдына жалаңаштап шығарып, 40, 50, 80, 100 рет дүрелеу. Жасаған қылмысына қарай дүре санын би өзі белгілейтін болған.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}