Абақты кесу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

АБАҚТЫ КЕСУ - айыптыға белгіленетін жазаның бір түрі.<ref>Қарамола ережесі. Қазақтың ата заңдары. 5-том. Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2005.</ref>. Жазаның бұл түрі дәстүрлі әдеттік құқықтың кіші жинақтары деп аталатын ережелерде көрсетілген. Билердің төтенше съездері заңдастырылған ереже бойынша айыпкердің айыбын дәстүрлі жаза түрлерімен өтеуге жағдайы болмаса немесе айыпкер оны өтеуге құлықты болмаса да бас тартуға ерік берілгендіктен, өз ықтияры бойынша абақтыға отырғызған. Мысалы, егер біреу әке-шешесін ренжітсе әке-шешесінің қалауымен 1885 жылғы Қарамола ережесіне сәйкес қазақ ғұрпы жосынымен жаза тағайындалады.

Егер молданы немесе басқа да құрметті кісілерді ренжітсе ат-шапан айып немесе тіпті атан бастатқан тоғызға дейін айып төледі. Сондай-ақ, біреуді қол жұмсағаны үшін айыпкерге бір тоғыздан үш тоғызға дейін айып салынған; егер айыпкер кесілген айыпты алмаймын десе, айыпкер белгілі бір мерзімге абақтыға отырғызылады. Ал ұрыс, төбелес шығарғандар билердің үкімімен ат-шапаннан бастап, үш тоғызға дейін сұраушының пайдасына айып төлейді. Бірақ, ұрыс-төбелесті бастаушы өзге серіктерінен гөрі айыпты артығырақ төлейтін болған. Бұзықтық шығарған адамдар болыстың шешімімен (Үлгі:Lang-ru) немесе ереже бойынша билердің ұйғарымымен ақшалай болмаса абақтыға отырғызуға жазаланды.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абақты кесу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}