Абат батыр
Абат батыр — «Қырымның қырық батыры» топтамасына енетін эпостық жыр.
1941 жылы Мұрын жыраудан жазылып алынған. Жыр Батыс Қазақстан өңірінде кеңінен тараған. Жыр ел аузында аңыз, әңгіме түрінде сақталған. Асан қайғының ұлы Абат батырдың елінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін соғысы, жекпе-жек шайқаста қарсыласы Қайбар батырды өлтіруі жайында суреттеледі. Жыр толық сақталмаған, бұрын еш жерде жарияланбаған.<ref>Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9</ref>
Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Асайын Хангелдіұлы үзік-үзік күйінде қағазға түсірген нұсқасы Қазақстан Республикасының Орталық ғылыми кітапханасының қорында сақтаулы (830 п.).<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл. ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>