Абат Сатыбайұлы Қыдыршаев
Үлгі:Тұлға Абат Сатыбайұлы Қыдыршаев (15 қараша 1963 жылы туған, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Тайланбай а.) — педагогика ғылымдарының докторы (2001). А.С.Пушкин атындағы «Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Қазір Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасының меңгерушісі, БҚМУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғалым мамандарға арналған ғылыми зерттеу еңбектерге орай берілетін мемлекеттік стипендия иегері (2006 жылы, желтоқсан). «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы”, “Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері”, “Шешендіктану”, “Шешен лектор профессиограммасы”, “Шешендік тағылымы”, “Іскерлік шешендіктану қағидалары”, “Педагог мамандардың шешендік шеберлігін жетілдіру талаптары”, “Іскерлік шешендіктану”, “Шешендік өнер”, “Педагогикалық шешендіктану”, “Тілдік қатынас мәдениеті”, “Педагогикалық практика-мамандыққа баулу сатысы” атты монография, оқулық, оқу-әдістемелік құрал, бағдарлама, электронды оқу құралдарының және қазақ тілін оқыту әдістемесі, ахметтану, шешендіктану және шешентануды оқыту технологиялары бойынша 150-ден аса ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.
- Орал педагогикалық институтын (1985, қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті)
- Алматы мемлекеттік университетінің (1995, қазіргі ҚазҰПУ) аспирантурасын бітірген.
- Атырау облысы Құрманғазы ауданында мұғалім (1985–1990)
- Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1995–1996) қызметтерін атқарды.
- 70-тен астам ғылым жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref><ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9</ref>