Абай (фильм, 1995)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кино «Абай»Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы желісімен жазылған сценарий бойынша түсірілген керкем фильм (1995 ж.). Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналды. Екі сериялы.

Фильмді түсіруге қатысқандар

Қоюшы-режиссері А. Әмірқұлов. Сценарий авторлары А. Әмірқұлов, Л. Ақынжанова, А. Баранов, С. Апрымов. Бастапқы әдеби сценарий «Абайдың жастық шағы» деп аталып, нұсқа ретінде «Абай жолы» романының 1-2-томдарындағы оқиғалар қамтылған. Әдеби кеңесші Ә. Кекілбаев, бас оператор Ә. Сүлеев, композиторлар Қ. Шілдебаев, Б. Тілеуханов, бас суретші Ө. Шманов, басты рөлдерде Т. Жаманқұлов, Ғ. Тұрықбаев, Б. Римова, Ф. Жантілеуова, Б. Бейшеналиевтер ойнады.

Мазмұны

Фильмге ақыннын жастық шағы, медреседе оқып жүрген кезеңдері, алғашқы өлең-жырлары мен өмірге қалыптаса бастаған азаматтық көзқарастары арқау етіп алынған. Суреткердің шебер қаламынан шыққан Абай бейнесі, оның өмір сүрген ортасы, әлеуметтік майданда қалыптасу ерекшеліктері, жастық шаққа жарасымды үміт-армандары, күйініш-сүйініш т. б. қасиеттерден жинақталған ұлы ақын тұлғасы әдеби нұсқадан экран заңдылығына сүйене отырып, мүлдем жаңа қырынан көрінеді. Фильм оқиғасы тарихи шығарма желісімен өрбітілгендіктен де, жалпы көркемдік жинақтаудың ортақ заңдылықтарынан алшақтамайды. Ширыққан тартыс романның алғашқы тарауларынан-ақ көріне бастаса, экрандық шығармадағы жас Абайдың сипаты оның айналасындағы адамдармен арақатынасы арқылы айқындалады. «Абай» фильмінің сюжеті ең алдымен Құнанбай - Абай төңірегінде өрбиді. Фильм авторлары романдағы оқиға суреттемелерін экранға көшіруде екі кейіпкер ара­сында тең қашықтықта ұстайды. Фильмдегі күмбезді ғимараттар, қазақ үй жиһаздары, актерлердің киім киістеріндегі ұлттық, ерекшеліктер біршама үндестік тапқан. Фильмнің сценарийлік қисын-жолдары қысқа әрі нақты. Тарихи-ғүмырнамалық жанр болғандықтан, онда әдеби нұсқадағы негізгі деректер сол қалпында сақтапған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 987-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Ардақ Әмірқұлов фильмдері