Абай (библиографиялық көрсеткіш)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Абай» - «Ғылым» баспасынан қазақ және орыс тілдерінде 1946 ж. жарық көрген қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш библиографиялық көрсеткіш. Құрастырған - Н. Сабитов. Кітап құрастырушының кіріспе сөзімен ашылып, ұлы ақынның 1889-1946 ж. аралығында түрлі баспалардан жарық көрген жинақтары мен басылымдары, газет-журналдарда жарияланған жеке өлеңдері мен қарасөздері, Абайдың өмірі мен шығармалары, өскен ортасы, ұрпақтары, әдеби мектебі, басқа халықтар әдебиеті өкілдерімен байланысы туралы жазылған ғылыми зерттеу және көркем әдеби-публицистикалық шығармалардың тізімі берілген. Көрсеткішке қазақ, өзбек, қырғыз, орыс тілдеріндегі материалдар, Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасының қоры пайдаланылған, есімдік және атаулық тізім жасалып, оларға түсініктеме берілген. Көлемі 5 б. т. 500 дана болып басылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub