Абай сөзіне жазылған әндер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Абай сөзіне жазылған әндер» - Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1954 ж. қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жинақ. Музыкалық редакторы - Б. Г. Ерзакович. Кітапқа Қазақстан композиторлары С. Мұхаметжановтың, М. Төлебаевтың, М. Қойшыбаевтың, Ә. Еспаевтың, С. Кәрімбаевтың Абай өлеңдеріне жазған 10 әнінің нотасы, «Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп», «Мен сәлем жазамын», «Таңғажайып бүл қалай хат», «Ғылым таппай мақтанба», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Құйқылжыр көңіл құсы шартарапқа» әндерінің сөздері берілген. Кітап көлемі 5,02 баспа табақ, 5000 дана болып басылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub