Ішкі сөйлем

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ішкі сөйлем (іштен сөйлеу) — адам әр түрлі сөздегі логикалық мәселелерді шешудегі ақыл-ойдың ерекше өзінен-өзі автоматты әсер ететін сөйлеу формасы. Іштен сөйлеу сырттай сөйлеудің туындысы және ондай ой сырттай көрініс беріп айтылмаған немесе жазылмаған сөз. Іштей сөйлеу — сөйлеу әрекетінің ерекше бір түрі. Іштей сөйлеуде адамның ойы мен білдірмек болған пікірі дыбыссыз айтылады. Іштей сөйлеуде сөйлемнің бастауышы, не баяндауышы айтылады да, ой жүйесі үзілді-кесілді сипатта болады. Қарым-қатынас жасауда дауыстап сөйлеу тәсілі қолданылса, ал іштей сөйлеуде адамның ойлауы құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді. Ішкі сөйлем — тілді (дұрысы, тілдік мағыналарды) нақты коммуникация процесінен тыс пайдалану түрлері. Іштей сөйлеудің негізгі үш түрі сараланады:

  • а) іштей айту — "ішінен сөйлеу", сыртқы сөйлеу құрылымы сақталғанымен, фонацияның, яғни дыбыстарының айтылуының болмауы, қиналған жағдайларда міндеттерді ойша орындауда көп кездеседі;
  • ә) іштей сөйлеудің өзі, мұнда ол ойлау құралы болады, арнаулы бірліктерді пайдаланады (бейнелер мен схемалар коды, пәндік код, пәндік мағыналар) және құрылымы сырттай сөйлеуден басқаша болады;
  • б) іштей бағдарламалау, яғни сөйлеп айтылғанды, тұтас мәтінді және оның мәтіндік бөліктерін арнаулы мән-мағына бірліктерінде қалыптастырып бекіту (тип, бағдарламалар). Онтогенезде іштей сөйлеу сыртқы сөйлеуді интериозациялау процесінде құрылады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}