Ішек (биология)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ішек (кишечник) — ас құрамындағы қоректік заттардың қорытылу (химиялық өңдеу) және сіңірілу процестері жүретін түтікше асқорыту мүшесі. ішектер: ащы ішек және жуан ішек бөлімдеріне бөлінеді. Ащы ішекке: 12 елі ішек( ұлтабар ұшы), аш ішек және мықын ішек, ал жуан ішекке: бүйен, тоқ ішек және тік ішек жатады. ішектің қабырғасы үш қабықтан: ішкі-кілегейлі, ортаңғы-етті және сыртқы-сірлі қабықтардан тұрады. Ащы ішектің ішкі бетінде ішек бүрлері болады. ішектердін кілегейлі қабықтарында ішек сөлін бөлетін жалпыішектік бездер және 12 елі ішекте дуоденальды қабырғалық бездер болады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Ішек (intestinum) - ауыздан басталып, тік ішекпен аяқталатын ас қорыту түтікшесі, (турбелярии, трематодтар, теңіз жұлдыздары т.б. ішектері бітеу аяқталатын жануарларды қоспағанда); ас қорыту жүйесінің бөлігі. Ішекте ас қорытылады, сіңіріледі және қалдықтары сыртқы ортаға бөлініп шығарылады. Ішек ұзындығы иттерде дене ұзындығынан 5-6 есе, қойда - 35, үй шошқасында -14, адамда -3-4 есе артық.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub