Ірігүлді көкгүл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Ірігүлді көкгүл (Үлгі:Lang-la) – көкгүлдер тұқымдасына жататын көкгүл түрі. Бұл түр осы қатардың Қазақстанда кездесетін 32 өкілінен ғана емес, өзге де Қазақстанның барлық гүлдесін өсімдіктерінен ерекшеленеді.

Оның ерекшелігі - гүлдерінің көлемі, сабақтарынан биіктігі. Бұл шөптесін көпжылдық ірі қиыршық тасты беткейлерде және Алтайдың, Тарбағатайдың және Жоңғар Алатауының ортаңғы және жоғарғы белдеулеріндегі көгалдарында өседі. Өрмелегіш, бұтақтанған тамырсабағы әдетте өте қысқа (ұзындығы 0,5-4 см). Қандауырша тәрізді үшкірленген жапырақ көп бөлігінде топтанған, ал сабақтың төменгі бөлігіндегілері қалың сабақ түбіндегі розеткіге ұқсас. Гүлдері жалғыздан, түтікті тісті тостағаншасы және ірі (биіктігі 6 см-ге дейін) қоңыраулы құйғыш тәрізді күлтелерімен. Оның пішіні - бас жағында бес дөңгеленген тісшелері бар және олардың арасында иректелген қаттамасы бар стақанға ұқсайды. Сондықтан балалар көкгүлдің гүлдерін «стақан» деп атайды. Аталығы бесеу, олар күлте түтігінің ішіне бекітілген, жоғарыдан қарағанда байқалмайды. Гүлдеу мерзімі мамыр-маусым, шілде-тамызда жеміс салады. Жемістері құрғақ, жұмыртқа тәрізді қорапшалар, екі ұшы да тарылған. Тұқым саны көп. Өте ұсақ. Бәрінен бұрын су тоспаларымен таралады. Бұл түрдің гүлдері жапырақ сабақтарымен тибет халқы медицинасында өте әйгілі, олар күрделі қоспалардың құрамында сергіту заты ретінде, сондай-ақ буын ауруларын және жұқпалы ауруларды емдеуге қолданады.<ref>Иващенко А.А., "Қазақстанның өсімдіктер әлемі. Суретті энциклопедия". Алматыкiтап баспасы 2008</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер