Ілияс Қожа хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ілияс Қожа хан (туған жылы белгісіздер-1368) – Моғолстанның екінші ханы, Тоғылық Темір хан 1363 жылы қайтыс болғаннан кейін билікке отырған. Тоғылық Темір хан 1361 жылы көктемде екінші рет Мауераннаһрға жорық жасап, саяси бытыраңқылықтық нәтижесінде бұл аймақты бағындырады да, ұлы Ілияс Қожаны Мауераннаһрдың әкімі етіп тағайындайды. Ілияс Қожа мұнда 1361 – 1362/63 жылға дейін отырады. Жергілікті әмірлер арасындағы талас-тартыстарды, өзара күрестерді Ілияс Қожа тоқтата алмайды. Керісінше, Ілияс Қожаның жанындағы моғол әмірлері мен әскербасылары тонаушылықтармен айналысады. Тоғылық Қожа әскеріне жергілікті әмірлердің біріккен күші соққы беріп талқандайды. Ілияс Қожаның өзі тұтқынға түседі, бірақ кейін қайтарылады. 1362/63 жылы хан тағына келіп, Ілияс Қожа хан Мауераннахрды толық бағындыру саясатын жалғастырады. 1365 жылы мамырда көп әскермен Мауераннахрға кіреді. Әмір Темір бастаған Мауераннахр мен моғол әскерлері Үинас пен Ташкент аралығындағы Сырдария өзенінің бойында ұрысқа түседі. Ұрыс кезінде қатты жаңбыр жауып, жер лай, батпақ болғандықтан, бұл шайқас тарихта «Батпақ шайқасы» деген атпен қалды. Ілияс Қожа хан жеңіске жетіп, жау әскері 10 мыңдай адамынан айырылады. Ілияс Қожа хан Самарқанға дейін жетіп, қаланы қоршайды. Қала тұрғындарының жанқиярлық ерліктері Ілияс Қожа ханға қаланы алуға мүмкіндік бермейді және моғол әскерлерінің мініс аттары арасында аурудың тарауы моғолдарды кейін оралуға мәжбүр етеді. Ілияс Қожа ханды Моғолстанда дулат тайпасының әмірлерінің бірі – Әмір Қамар ад-дин өлтіреді.<ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:S-start Үлгі:S-bef Үлгі:S-ttl Үлгі:S-aft Үлгі:S-bef Үлгі:S-ttl Үлгі:S-aft Үлгі:S-end


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}