Ілияс Мәңкіұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Ілияс Мәңкіұлы.jpg
Ілияс Мәңкіұлы

1880 жылы қаңтар айында Қарағандыға жақын Нұра өзенінің бойында, Ботақара деген таудың етегінде кедей шаруа отбасында туған.

Ілиястың әкесі – Мәңкі, Мәңкінің әкесі Қайдауыл, оның әкесі – Жиенәлі, үшеуі де батыр, ақын әнші, сөзге ұста, ділмар болған адамдар. Әкесі Мәңкінің шешендік сөзі, шешесінің ақындығы, ағасы Көппай мен Тахауяның қиссашылдығы, апасы Қадишаның өлеңші, әншілігі, нағасышысы Соңтуғанның айтысқа шеберлігі жас Ілиясқа дүние есігін ашқан өмір мектебі болған.

Өмірбаяны

Ілияс шығармашылығы негізінен екі дәуірге бөлінеді: революцияға дейінгі және одан кейінгі. Бірінші дәуірінің өлеңдерінде шаруалар мен жұмысшылардың аянышты халін көрсете отырып, үстем тап өкілдерін - байларды, би-болыстарды, саудагерлерді әшкерелейді. Ілиястың совет діуіріндегі поэзиясын жанрлық жағынан алғанда, жоқтау, көңіл айту, естірту, сәлем хат, толғау түрінде де, эпикалық жыр дастан, айтыс түрінде де кездеседі.

Солардың ішінде ең көп қолданғаны - саяси лирикалық өлеңдер мен дастандар. Ілияс Қарағандының ақындары Қайып Айнабеков, Көшен Елеуовпен сөз сайысына түсіп, айтыс өнерімен де өзін республикамыздың әдебиет жұртшылығына танытты.

Отан соғысы жылдарында өзара сынның өткір құралына айналған айтыс жанрын дамытуда Ілиястың атқарған қызметі зор. 1944 жылы 25 маусымда ол жергілікті басшылығымен Қарағанды халық ақындарының айтысын ұйымдастыруға белсене ат салысты. өзі айтысқа түседі. 1948 жылы мамыр айында Қарағанды қаласында болған Қарағанды көмір тресі кеншілерінің облыстық мәслихатына қатысады. Мәңкіұлының сол кезеңдегі неғұрлым кең тараған шығармалары: "Нұра бойын жағалап", "Қайғырма, қапаланба", "Қайысты қабырғасы жұмысшының" т.б. Октябрь жеңісі туралы "Капитал дүниесі қираған күн" өлеңін жазды. "Бекбосын" поэмасы революциялық қозғалысқа қатысушы шахтер-қазақ Б.Сиқымбаевтың бақыт жолындағы қажырлы еңбегіне арналды.

Ілиястың таңдаулы өлеңдері радиода, адебиет кештерінде жиі оқылып тұрады, облыстық, республикалық баспасөз беттерінде үздіксіз жарияланып отырды. Шахтер Ілияс 75 жасқа қараған шағында 1954 жылы дүние салды.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА