Іле шөгінді алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Іле шөгінді алабы өзімен аттас ойыспен байланысты, ол солтүстігінен және оңтүстігінен Жоңғар Алатауының, Қаймен жотасының және Іле сырты Алатауының қатпарлы құрылымдарымен шектелген, оңтүстік-батыс бағытта созылған теріс мағыналы құрылымдар жүйесін құрайды. Іле алабы Қалқан-Бөгет дөңесі арқылы Батыс және Шығыс бөліктерге бөлінген, олардың мөлшерлері, тиісінше, 150x20-50 км және 125x70 км. Алаптың іргетасы пермнің эффузиялық жаралымдарынан құралған. Ойыстың батыс бөлігінде мезозойлық түзілімдердің қалыңдығы айтарлықтай азайып барып, бірте-бірте мүлдем құрдымдалып кеткен, ал шығыс бөлігінде оның қалыңдығы, кайнозой кешендерімен қоса есептегенде, 4,5-5,0 км-ге дейін жетеді (Іле өзенінің оң жақ жағалауында). Қиманың мезозойлық-кайнозойлық секциясы көлдер мен батпақтарда және өзен аңғарларында түзілген құмды-сазды таужыныстардан құралған, олардың арасында жақсы қорқоймалық қатқабаттар да, берік флюид тіректері де бар. Шығыс Іле ойысы құрылымдық тұрғыдан нашар жіктелген, солай бола тұрса да оның аумағында іргелік және тереңірек ойысқан орталық бөліктерді даралауға болады.

Зерттеушілердің басым көпшілігінің пікірі бойынша, алаптың мұнай мен газға деген перспективаларын Жаркент ойысымының кейбір жекелеген тереңірек ойысқан бөлікшелерімен (Панфилов ойысымы) байланыстыруға болады.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005.

ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}