Ізкәйіл (3ікеш)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ізкәйіл (3ікеш) (1895-1929) - Абайдың Әйгерімнен туған баласы. Домбыра мен скрипка тартатын, ән салатын өнері болған. Арабша оқып, білім алған. 1917 ж. Ойқұдықта тұңғыш рет қойылған М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасында Абыздың ролін ойнады. Ізкәйілдің үш шекті домбырасы Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейінде сақтаулы.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>