Β-Бета-сәулелер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

β-Бета-сәулелер (β-сәулелер, β-бөлшектер). Бета-ыдырау кезінде радиоактивті атом өзектерінен (ядроларынан) әртүрлі жылдамдықтармен (0,986 жарық жылдамдығына шейін жетуі мүмкін) бөлініп шығатын теріс зарядты электрондар мен оң зарядты позитрондар. Бета-ыдырау нәтижесінде атом өзегі (ядросы) өзінің заряд көрсеткіші мен атомдық номерін өзгертіп отырады. Мәселен, өзек (ядро) өз алектронын жоғалтуы нәтижесінде атомдық номерін бір бірлікке көбейтеді, ал бір позитронын жоғалтуы нәтижесінде — бір бірлікке азайтады. Бета-сәулелердің иондандыру қабілеті альфа-сәулелерге қарағанда әлдеқайда төмен.<ref>Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет.ISBN 5-615-01738-4</ref>

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}