Əнші құм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Əнші құмТалдықорған жеріндегі Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан деп аталатын таулардың етегіне орналасқан құмды төбе. Биіктігі – 150 м, ұзындығы – 8 км, ені– 3 км. Əнші құмның бұлай аталуының өз сыры бар. Мұндағы Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп тұрады. Соның салдарынан құм төбелері пайда болып отырады. Жел соққанда, електен өткендей іріктелген майда құм түйіршіктері сусылдап төмен қарай жылжиды. Осы кезде сырнайдың үніне ұқсас таза, əдемі əуен естіледі. Егер жел күшейе соқса, əлгі əдемі əуен реактивті ұшақтың гүріліне ұқсап кетеді. Осындай ғажап əнді есту үшін адамдар əдейі атбасын бұратын болған. Табиғаттың мұндай ғажайып «əншісі» ешбір елде жоқ.

Дереккөздер

«Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4