«Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты - Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарының аумағында орналасқан резерват.

2012 жылы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы №1496 қаулысымен жаңадан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты ұйымдастырылды.

«Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының жер көлемі – 489 766 га алқапты қамтиды.

Бұл табиғи резерват Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарының аумағында орналасқан далалы, шөлейтті, шөлді, шалғынды және сулы батпақты алқаптардың табиғи экожүйелері мен ландшафтылық ерекшеліктерін және еліміздегі ақбөкендердің бетпақдала популяциясын қорғауды көздейді.

«Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағы 3 кластрлі телімге бөлінген:

  1. Сарықопа – 52 115 га (Сарықопа көлдер жүйесі).
  2. Тосынқұм – 95 881 га (Тосынқұм құмы, Торғай өзенінің сол жағалауы).
  3. Ұлы Жыланшық – 341 670 га (шөлейттенген далалы алқап, Ұлы Жыланшық өзенінің жағалауы).


Үлгі:Қазақстан ЕҚТА-лары