"Ахмет Байтұрсынұлы" төсбелгісі
Үлгі:ҚарсылықҮлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Жедел жойылсын Үлгі:Жүлде «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейіннен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаттау жүйесіне кіретін ведомстволық төсбелгі. Ол гуманитарлық салада ұзақ жылдар еңбек етіп, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан ұстаздарды көтермелеу мақсатында тағайындалған «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14228847 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1100001539
Тарихы
"Ахмет Байтұрсынұлы" төсбелгісімен гуманитарлық сала өкілдері, қазақ тілінің мәртебесін көтеруде шығармашылық белсенділік танытқан адамдар, қазақ тілін оқыту бойынша IT жобалардың авторлары болып табылатын білікті мамандар, сондай-ақ гуманитарлық салада ынтымақтастықты нығайтуға жəне дамытуға елеулі үлес қосқан шетел азаматтары да марапатталады.
Сипаттамасы
- «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі шеңбер тәрізді диаметрі 34 мм болатын жезден дайындалады.
- Төсбелгінің алдыңғы бетінде (аверс) Ахмет Байтұрсынұлы бейнесі болады.
- Оның сыртында шеңбер жиегінде «Ахмет Байтұрсынұлы» деген шығыңқы жазба бедерленген.
- Жазудың екі шетіне ұлттық ою-өрнек салынған. Төсбелгінің сырт жағының (реверс) ортасында «Қазақстан Республикасы» жазуы орналасқан.
- Жазудың үстіңгі және астыңғы бөлігіне ұлттық ою орналастырылған.
- Төсбелгі ені 26 мм, биіктігі 22 мм тіктөртбұрышты қалыпқа бекітіледі.
Дереккөздер
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1100001539 https://egov.kz/cms/kk/articles/culture/nagrada_