Қалыңдық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:06, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қалыңдық – 1) тұрмысқа шығатын бойжеткен; 2) дәстүрлі қазақ қоғамында – айттырылған қыз.

Сурет:Bride1929.jpg
1929 жылғы үйлену көйлегіндегі қалыңдық.

Ежелгі қалыптасқан дәстүр бойынша, қазақ жұртында отау тігу – құда түсіп, қалың мал беріп, үйлену арқылы жүргізілген. Жігіт үйленер алдында өзіне ұнайтын теңін іздестіреді (“қыз көру”, “жар таңдау”). Кейде оның ата-анасы атастыруы, ғұрыптық салтымен алдын ала қыздың әке-шешесімен келісуі де мүмкін. Екі жақ келісіп, құйрық-бауыр жесіп, баталасқаннан кейін қыз айттырылған немесе атастырылған болып саналады. Алдын ала қалың мал төленеді. Қ. атауы “қалың мал” сөзінен, яғни мал беріп әйел алуға байланысты шыққан. Келісілген мерзімде жастар міндетті түрде қосылатын болған. Қ-тың басқа адамға шығуына қатаң тыйым салынған.

Галерея