Шымкент көркемөнепазды шығармашылығың үйі
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шымкент көркемөнепазды шығармашылығың үйі – 1968 жылғы облыстық көркемөнерпаздар үйі негізінде 1978 ж. қайта құрылып, Шымкент облыстық кәсіп-одақтары кеңесінің көркемөнерпаздық шығармашылығының одақаралық үйі деген атпен жұмыс істеді. Шығармашылық үйдің көркемөнерпаздық және ұжым жетекшілерінің мамандығын арттыру мен еңбекшілердің демалысын көңілді өткізетін бірлестік пен репертуарлық-библиография бөлімдері болып, олар халық өнерпаздары мен өнер әуесқойларына, мәдени-ағарту орындарына әдістемелік нұсқаулар беру әрі жетекшілік жасау, облыс өнерпаздарының фестивальдарын, байқауларын, көрмелерін өткізу, озат көркемөнерпаздар ұжымдарының, студиялардың, үйірмелердің іс-тәжірибелерін насихаттау, сонымен қатар репертуарлық жоспарын бекіту жұмыстарымен айналысып отырды.
Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}