Семейдің Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:20, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Семейдің Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы 1883 жылы құрылып Қазақстандағы ең алғашқы кітапханалардың бірі болып табылады. Кітапхананың ең бірінші оқырмандарының бірі Абай Құнанбаев. Ғылыми ақпарат пен кітап сақтаудағы ірі орталық. Кітап қоры 362 мың сақтау бірлігін құрайды, бұған қоса 5900-ден астам ХVII-XIX ғ. басылымдары бар. Әр түрлі кезеңдегі қазақ және орыс тілдеріндегі сирек кездесетін басылымдар бар. Кітапхана интернет жүйесіне қосылған. Ол үлкен халықаралық байланыстар жасайды, алыс жақын шет елдердердің ірі кітапханаларымен ынтымақтастықта.

Дереккөз

Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының сайты