Рубен Суренович Андриасян
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
09:04, 2017 ж. ақпанның 4 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Рубен Суренович Андриасян (1938 жылы 31 қазанда Қабарда-Балқар АКСР Нальчик қаласында туған) - режиссер. Армян.
- Әкесі - Андриасян Сурен Николаевич (1904-1956). Анасы - Андриасян Анна Лезеревна (1908-1992).
- Ереван мемлекеттік театр-көркемөнер институтын бітірген (1963), театр және телевизия режиссері.
- Доцент (1982 жылдан). БАҚ-ғы көптеген жарияланымдардың авторы.
- 1963 жылдан - М. Горький атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрының бас режиссері.
- 1966 жылдан - К.С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық драма театрының бас режиссері.
- 1972 жылдан - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының режиссері.
- 1974 жылдан - Жасөспірім көрермендер театрының бас режиссері.
- 1983 жылдан бері - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі.
- Қазіргі уақытта - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жарық шеберлігі және режиссура кафедрасының профессоры. 100-ге жуық спектакльді қойған.
Марапаттары
- Еңбек Қызыл Ту
- Достық (РФ)
- «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
- ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
- тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты.
- ҚР Халық әртісі.
- Үйленген. Жұбайы - Андриасян Валентина Ивановна(1946 жылы туған), педагог. Ұлы - Андриасян Армен (1967 жылы туған); қыздары - Анна (1969 жылы туған), Карина (1980 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub