Еңістене бағдарланған бұрғылау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:57, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Еңістене бағдарланған бұрғылау. Өнімді қойнауқаттарды жобалы құжаттарда көрсетілген нүктелерде тесіп өту мақсатында шоқты бұрғылау ұңғымаларын немесе жекеленген ұңғымаларды еңіс бағытта бұрғылау. Еңіс бұрғылау себептері түрліше болуы мүмкін:

  • геолгогиялық себептер (тектоникалық бұзылыстар өңіріндегі, немесе тұзды күмбездер астындағы өнімді қойнауқаттарды тесіп өту);
  • беткейлік жағдайлардың күрделі болуы (кедір-бұдырлы жербедер, батпақ беткейлер, теңіз алаптары);
  • қоршаған ортаны қорғау мақсатында (бұрғылауға бөлінген жерлер ауқымын мейілінше азайту, бұрғылау жұмыстарын орман алқаптарында да жүргізу тағы басқа);
  • техникалық-технологиялық мәселелерді шешу мақсатында (бұрғылау барысында қиындықтар туғызуы мүмкін белдемдерді ескеру, лақтырмалар нәтижесін қалпына келтіру, ұңғыма оқпанының төменгі бөлігін қайтадан бұрғылау, қойнауқаттарды көп оқпанды ұңғымалар көмегімен тесіп өту тағы басқа);
  • экономикалық себептер (кәсіпшілікті жабдықтауға қажетті қаржыны азайту, кенді игеру уақытын азайту тағы басқа). Синонимі — еңістенген ұңғымаларды бұрғылау.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме

сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еңістене бағдарланған бұрғылау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}