Еңістене бағдарланған бұрғылау

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Еңістене бағдарланған бұрғылау. Өнімді қойнауқаттарды жобалы құжаттарда көрсетілген нүктелерде тесіп өту мақсатында шоқты бұрғылау ұңғымаларын немесе жекеленген ұңғымаларды еңіс бағытта бұрғылау. Еңіс бұрғылау себептері түрліше болуы мүмкін:

  • геолгогиялық себептер (тектоникалық бұзылыстар өңіріндегі, немесе тұзды күмбездер астындағы өнімді қойнауқаттарды тесіп өту);
  • беткейлік жағдайлардың күрделі болуы (кедір-бұдырлы жербедер, батпақ беткейлер, теңіз алаптары);
  • қоршаған ортаны қорғау мақсатында (бұрғылауға бөлінген жерлер ауқымын мейілінше азайту, бұрғылау жұмыстарын орман алқаптарында да жүргізу тағы басқа);
  • техникалық-технологиялық мәселелерді шешу мақсатында (бұрғылау барысында қиындықтар туғызуы мүмкін белдемдерді ескеру, лақтырмалар нәтижесін қалпына келтіру, ұңғыма оқпанының төменгі бөлігін қайтадан бұрғылау, қойнауқаттарды көп оқпанды ұңғымалар көмегімен тесіп өту тағы басқа);
  • экономикалық себептер (кәсіпшілікті жабдықтауға қажетті қаржыны азайту, кенді игеру уақытын азайту тағы басқа). Синонимі — еңістенген ұңғымаларды бұрғылау.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме

сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub