Болат Исатайұлы Қырғызбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
08:27, 2017 ж. наурыздың 22 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Болат Исатайұлы Қырғызбаев (17 ақпан, 1959 жыл, Талдықорған облысы, Жаркент қаласы) - Генерал-майор.
Өмірбаяны
- Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК Жоғары шекара училищесін (1980) бітірген.
- М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияны (1992) бітірген, жалпы әскер командирі, мамандығы командалық-штабтық, жедел-тактикалық.
- 1980 жылдан - Шығыс шекара округының Үшарал шекара отрядында қызметте.
- 1995 жылдан - ҚР Мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі Мемлекеттік комитетте, мемлекеттік шекарасын қорғау Күштерінде, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Орталық аппаратындағы түрлі басшы лауазымдарында қызмет еткен.
- 2003 жылдан - РФ-дағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жедел тобының бастығы.
- 2006 жылдың шілде айынан - ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары.
- 2008 жылдың мамыр айынан 2011 жылдың ақпан айына дейін - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры.
Марапаттары
- ҚР, Ауғанстан Республикасының 12 медалі
- ведомстволық сыйлықпен марапатталған.
Отбасы
Үйленген. 5 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>