Болат Исатайұлы Қырғызбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Болат Исатайұлы Қырғызбаев.JPG
Болат Исатайұлы Қырғызбаев

Болат Исатайұлы Қырғызбаев (17 ақпан, 1959 жыл, Талдықорған облысы, Жаркент қаласы) - Генерал-майор.

Өмірбаяны

  • Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК Жоғары шекара училищесін (1980) бітірген.
  • М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияны (1992) бітірген, жалпы әскер командирі, мамандығы командалық-штабтық, жедел-тактикалық.
  • 1980 жылдан - Шығыс шекара округының Үшарал шекара отрядында қызметте.
  • 1995 жылдан - ҚР Мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі Мемлекеттік комитетте, мемлекеттік шекарасын қорғау Күштерінде, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Орталық аппаратындағы түрлі басшы лауазымдарында қызмет еткен.
  • 2003 жылдан - РФ-дағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жедел тобының бастығы.
  • 2006 жылдың шілде айынан - ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары.
  • 2008 жылдың мамыр айынан 2011 жылдың ақпан айына дейін - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры.

Марапаттары

Отбасы

Үйленген. 5 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер