Баян Имашева
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Кинематограф Баян Имашева (1941 жылы 1 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Борсықсай ауылында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1964 жылдан).
Өмірбаяны
- Қазақ академиялық драма театры жанындағы театр студиясын бітірген (1960).
- Өнер жолын Қарағанды облыстық драма театрынан бастаған.
- 1965 жылдан Қазақ академиялық драма театрының актрисасы.
Ойнаған рольдері
Валя Панфилова (М.Әуезов пен Ә.Әбішев, «Намыс гвардиясы»), Бибіш (М.Мұқашев, «Дала дастаны»), Алма (Е.Домбаев, «Желіккен жеңгейлер»), Бөрте, Нұрғаным (И.Ғайып, «Шыңғысхан» мен «Мен ішпеген у бар ма»), Полина Андреевна (А.П. Чехов, «Шағала»), Рахия (Р.Мұқанова, «Мәңгілік бала бейнесі»), Қара кемпір (М.Жұмабаев, «Ғашықтық дерт»), т.б. Бір-біріне ұқсамайтын, айқын бояулы рөлдері Имашеваның алуан қырлы, рухани ішкі дүниесінің бай, табиғи дарын иесі екенін көрсетеді.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>
Жеке өмірі
Жары: актер, Қазақ ССР халық артисі, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының иегері Ә.Молдабеков
Марапаттары
- 1998 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағы берілді
- 2016 жылы ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл медалі.
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}