Альметьевск

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:01, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Елді мекен Альмет (Үлгі:Lang-tt) - Татарстандағы қала, аудан орталығы. Республикадағы халық санынан және маңыздылығынан төртінші қала. Темір жол стансасы бар. Автожолдар торабы.

Зөя өзенінің (Шолпандың саласы) сол жағында, Қазаннан оңтүстік-шығысына қарай 265 км қашықтықта орналасқан. Альмет әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі - Лениногорсктағы Ромашкинский мұнай кен орнынан 39 км қашықтықта орналасқан. Халқы 149 044 адам (2013 ж. мәліметі бойынша). Республикадағы мұнай өнеркәсіптік орталығының бірі. Газ-бензин, дөңгелектер, темір-бетон конструкцияларын шығаратын және машина-трактор жөндеу, ағаш өндеу зауыттары бар.

Климаты

Климаты - континенталдық

  • ауаның жылулығы жылына орта есеппен — 4,4 °C
  • желдің жылдамдығы — 3,8 м/с

Экономикасы

Қалада республикалық маңызы бар ірі өнеркәсіп орындары бар:

  • ОАО «Татнефть»-тың кеңсесі
  • «Татнефтепром» (Татарстандағы ең ірі мұнай компаниясы)
  • «Булгарнефть»
  • «СМП-Нефтегаз»
  • «АТЗ» (Альметьевский трубный завод)- мұнай-газ құбарлар зауыты т.б.

Халықаралық "Дружба" мұнай құбыры Альметьевсктен басталады. Нижний Новгород, Пермь, Самараға мұнай құбырлары жүргізілген.

Мәскеудағы мұнай химиясы мен газ өнеркәсіптік институтының бөлімшесі, 6 орта арнаулы оқу орны, 7 жоғарғы оқу орны, драма театры, мұражайлар ашылған.

Галерея

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • Альметьевск // Города России: энциклопедия. — М.: Большая Российская энциклопедия, 1994. — С. 20. — 559 с. — 50 000 экз. — ISBN 5-85270-026-6