Альметьевск
Үлгі:Елді мекен Альмет (Үлгі:Lang-tt) - Татарстандағы қала, аудан орталығы. Республикадағы халық санынан және маңыздылығынан төртінші қала. Темір жол стансасы бар. Автожолдар торабы.
Зөя өзенінің (Шолпандың саласы) сол жағында, Қазаннан оңтүстік-шығысына қарай 265 км қашықтықта орналасқан. Альмет әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі - Лениногорсктағы Ромашкинский мұнай кен орнынан 39 км қашықтықта орналасқан. Халқы 149 044 адам (2013 ж. мәліметі бойынша). Республикадағы мұнай өнеркәсіптік орталығының бірі. Газ-бензин, дөңгелектер, темір-бетон конструкцияларын шығаратын және машина-трактор жөндеу, ағаш өндеу зауыттары бар.
Климаты
Климаты - континенталдық
- ауаның жылулығы жылына орта есеппен — 4,4 °C
- желдің жылдамдығы — 3,8 м/с
Экономикасы
Қалада республикалық маңызы бар ірі өнеркәсіп орындары бар:
- ОАО «Татнефть»-тың кеңсесі
- «Татнефтепром» (Татарстандағы ең ірі мұнай компаниясы)
- «Булгарнефть»
- «СМП-Нефтегаз»
- «АТЗ» (Альметьевский трубный завод)- мұнай-газ құбарлар зауыты т.б.
Халықаралық "Дружба" мұнай құбыры Альметьевсктен басталады. Нижний Новгород, Пермь, Самараға мұнай құбырлары жүргізілген.
Мәскеудағы мұнай химиясы мен газ өнеркәсіптік институтының бөлімшесі, 6 орта арнаулы оқу орны, 7 жоғарғы оқу орны, драма театры, мұражайлар ашылған.
Галерея
- Альметьевск-автовокзал.jpg
Автовокзал, Альметьевск қ-сы
- Almetyevsk.jpg
Альметьевск Жастар орталығы
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Альметьевск // Города России: энциклопедия. — М.: Большая Российская энциклопедия, 1994. — С. 20. — 559 с. — 50 000 экз. — ISBN 5-85270-026-6