Акцессор минералдар
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Акцессор минералдар, акцессориялар (латынша accessorіus — қосымша) — тау жыныстары құрамында өте аз (мөлшері 1 пайыздан аспайды) тараған минералдар. Акцессор минералдар тау жыныстарын құрайтын минералдар құрамында сирек және кентасты элементтердің минералдық шашырауы мен шоғырлануының ерекше түрі болып табылады.
Акцессор минералдары:
- апатит;
- циркон;
- турмалин;
- танталит;
- анартастар;
- ортит;
- титанит;
- флюорит;
- топаз;
- магнетит;
- ильменит;
- пирит;
- рутил;
- монацит;
- сфен.
Тау жыныстары бұзылғанда акцессор минералдар әдетте тотығу белдемінде жиналады, кейде өндірістік маңызы бар кендер түзеді. Әсіресе, сирек металды акцессор минералдардың (тантал-ниобаттар) маңызы зор. Сонымен бірге, олар стратиграфиялық және петрографиялық корреляттауда, тау жыныстарының жасын анықтау үшін қолданылады.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Акцессор минералдар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}