Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әбілқайыр Ысқақұлы Досов"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
18:33, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы
Әбілқайыр Ысқақұлы Досов (1899, бұрынғы Ақмола облысы Көкшетау уезі Қотыркөл болысы – 1937) – қоғам қайраткері.
Өмірбаяны
- 1916 жылы Омбы орыс-қырғыз (қазақ) жетім балалар пансионында тәрбиеленіп, қазақ оқушы жастарының «Бірлік» мәдени-ағарту үйірмесіне мүше болған.
- 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Омбы қырғыз (қазақ) кеңесі және облысы революциялық трибунал мүшелігіне сайланды.
- Кейін төтенше комиссияның ерекше отрядын басқарды.
- Көкшетау облысы төтенше комиссиясының инспекторы, РК(б)П ОК Сібір бюросы жанындағы татар, қырғыз (қазақ) секциясының хатшысы, «Кедей сөзі» газетінің редакторы қызметтерін атқарды.
- 1920 жылы қазан айында өткен Қазақ кеңестерінің 1-құрылтай съезінде Қазақ АКСР ОАК-нің төралқа мүшесі және хатшысы болып сайланды.
- 1922–1926 жылдары Семей губерниялық атқару комитетінің, Түркістан облысы ревкомының, Орал облысы атқару комитетінің төрағасы
- 1926–1927 жылдары Қазақстанның БОАК жанындағы өкілі болды.
- 1927 – 1930 жылдары БОАК төралқасының мүшесі
- 1930 – 1937 жылдары БК(б)П ОК-нің нұсқаушысы
- Шығыс Қазақстан облысының партия комитетінің 2-хатшысы
- Ақтөбе облысы партия комитетітінің 1-хатшысы
- 1937 жылдан Шымкент қалалық партия комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған.
- 1933 – 1937 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің, Қазақстан КП ОК-нің, БОАК және Қазақ ОАК-нің мүшесі болып сайланған.
- БК(б)П 17-съезінің делегаты болды.
- 1937 жылы 28 қарашада жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 8 наурызда КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясының үкімімен ату жазасына кесілді.
- 1956 жылы 12 қазанда ақталды.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 5-том</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}