Әбілқайыр Ысқақұлы Досов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Әбілқайыр Ысқақұлы Досов (1899, бұрынғы Ақмола облысы Көкшетау уезі Қотыркөл болысы1937) – қоғам қайраткері.

Өмірбаяны

  • 1916 жылы Омбы орыс-қырғыз (қазақ) жетім балалар пансионында тәрбиеленіп, қазақ оқушы жастарының «Бірлік» мәдени-ағарту үйірмесіне мүше болған.
  • 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Омбы қырғыз (қазақ) кеңесі және облысы революциялық трибунал мүшелігіне сайланды.
  • Кейін төтенше комиссияның ерекше отрядын басқарды.
  • Көкшетау облысы төтенше комиссиясының инспекторы, РК(б)П ОК Сібір бюросы жанындағы татар, қырғыз (қазақ) секциясының хатшысы, «Кедей сөзі» газетінің редакторы қызметтерін атқарды.
  • 1920 жылы қазан айында өткен Қазақ кеңестерінің 1-құрылтай съезінде Қазақ АКСР ОАК-нің төралқа мүшесі және хатшысы болып сайланды.
  • 1922–1926 жылдары Семей губерниялық атқару комитетінің, Түркістан облысы ревкомының, Орал облысы атқару комитетінің төрағасы
  • 1926–1927 жылдары Қазақстанның БОАК жанындағы өкілі болды.
  • 1927 – 1930 жылдары БОАК төралқасының мүшесі
  • 1930 – 1937 жылдары БК(б)П ОК-нің нұсқаушысы
  • Шығыс Қазақстан облысының партия комитетінің 2-хатшысы
  • Ақтөбе облысы партия комитетітінің 1-хатшысы
  • 1937 жылдан Шымкент қалалық партия комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған.
  • 1933 – 1937 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің, Қазақстан КП ОК-нің, БОАК және Қазақ ОАК-нің мүшесі болып сайланған.
  • БК(б)П 17-съезінің делегаты болды.
  • 1937 жылы 28 қарашада жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 8 наурызда КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясының үкімімен ату жазасына кесілді.
  • 1956 жылы 12 қазанда ақталды.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 5-том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}