Әбен Мұхамедияров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:21, 2017 ж. қаңтардың 5 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Әбен Мұхамедияров (1904. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы -13.10.1970, Шымкент қаласы) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1958). Сахналық жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады. 1926 және 1934 - 1938 ж. қазіргі Қазақ академиялық драма театрының труппасында ойнады. 1938- 1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы қазақ драма театрында қызмет етті. Негізгі рольдері: Майқан, Көтібар, Есен (М.Әуезовтің "Түнгі сарын", "Айман - Шолпан" және "Еңлік - Кебегінде"), Амангелді, Қодар (Ғ.Мүсіреповтің осы аттас пьесасы мен "Қозы Көрпеш - Баян сұлуында"), Телғара (Ә.Тәжібаевтың "Жалғыз ағаш орман емесінде"), Дудукин (А.Н. Островскийдің "Жазықсыз жапа шеккендерінде"). 1954 жылдан киноға түскен. Досан ("Шабандоз қызда", 1955), Құнанбай ("Бұл Шұғылада болған едіде", 1955), Бұлаибай ("Біз осында тұрамызда", 1957), Омар ("Шоқан Уәлихановта", 1957).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}