Ұрықтау мұнай-газ конденсат кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:49, 2015 ж. мамырдың 22 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Ұрықтау мұнай-газ конденсат кен орны (Рухтау) - Каспий маңы ойысының шығыс бөлігіндегі мұнай-газ конденсат кен орны. Ақтөбе қаласынан оңтүстікте 215 км жерде орналасқан, 1983 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Құрылым өлшемдері 8,4x4,5 км, бойлыққа жұық бағытта созылған брахиантиклин қатпар. Өнімділік жоғарғы карбонатты КТ-1 қатқабатында анықталған. Мұнай жұрынды газ-конденсат жатыны негізінен өнімді типтеп карбонатты жинауыштардан құралған шомбал-қойнауқаттық қорқоймаға орныққан.

Жатыс сипаты

Қиманың кеуекті бөлігі биоморфтық әктастардан, органогендік кесекті, детритті, оолитті әктастардан, сондай-ақ доломиттерден құралған. Жинауыштардың ашық кеуектілігі 11%-ға жетеді, орташа өтімділік 0,1 км2 шамасында. Мұнайға қанығу коэффициенті 0,73. 2900-300 м тереңдіктердегі (су-мұнай жапсары - -2820 м) мұнай жатыны алаңның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жатынның газға қаныққан бөлігінің биіктігі 450 м, мұнай жұрынының биіктігі 69 м. Жатынның жапқышы қалыңдығы 25-150 м аргиллиттер мен кунгурдың тұзды қатқабатынан тұрады. Газ-мұнай жапсары -2751 м белгіде орныққан. Бастапқы қойнауқаттық қысым 31,0 МПа, қойнауқаттық температурасы 70°С.

Құрамы

Мұнай жұрынының мұнайы жеңіл (тығыздығы 807 кг/м3), күкіртті (0,59%), парафинді (7,4%), шайырлы. Көмірсутек құрамы: метандылар -53,2%, нафтенділер -41%, хошиістілер 6%. Қойнауқаттық мұнайының газға қаныққандығы 412 м3/т.

Мұнайда еріген газ құрамы жағынан ауыр, этанұстаушы, ауыр көмірсутектердің үлесі 10%-ға, метандікі 79,4%-ға дейін жетеді. Газда 4,17%-ға дейін күкіртсутек, 1,86% азот, 1,95% көмірсутектің қос тотығы бар.

Жатынның газ-конденсаттық бөлігінің құрамында 11% ауыр көмірсутектер, 81,36% метан, 2,14% күкіртсутек, 2% азот, 2,44% көмірқышқыл газы бар. Тұрақты конденсаттың мөлшері 658 т/м3, оның тығыздығы 765 кг/м3, 0,32 күкірт, 0,45% парафин! бар. Жатынның жұмыс режимі серпінді суарынды. Кен орны өндірістік игеруге дайындалған. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер