Құлбек Сәрсенұлы Ергөбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:10, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Жазушы

Құлбек Сәрсенұлы Ергөбек (26 желтоқсан 1952 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келді) – әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы (1995), профессор.

Өмірбаяны

Білімі

  • ҚазМУ-ды бітірген (1975).
  • 1975 – 1978 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инстиутутында, Республикалық Халық шығармашылық үйінде, С.Мұқанов мұражай-үйінде аға ғылыми қызметкер болған.

Қызмет жолы

Шығармашылығы

Ергөбек қазақ поэзиясы, прозасы, жеке шығарманың жазылу тарихы, жазушы шеберханасы мәселелеріне арналған «Жан жылуы» (1981), «Мейірім шуағы» (1985), «Қазақ совет балалар жазушылары» (1987), «Сәбит Мұқанов» (1989), «Баянғұмыр» (1992), «Жақсыдан қалған сөз» (1992), «Өтебай Тұрманжанов» (1992), «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (1994) секілді оқулық, сын-зерттеу еңбектерінің, «Адасқандар ақиқаты», «Сібір сабақтары» деректі повестерінің авторы.

«XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (2004) оқу қүралын, «Қазақтың мақал-мәтелдері» (2005), «Шынашақ» (1992), «Қазақ совет балалар жазушылары» (1987), «Сылдырап өңкей келісім» секілді тақырыптық, антологиялық кітаптарды, Б.Кенжебайүлының5томдық, Ә.Тәжібаевтың 3 томдық таңдамалы шығармалар жинағын құрастыр ды. Орыс ертегілерін, Молдаван жазушылары шығармаларын қазақ тілше аударған.<ref name=source1>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Ғалым-сыншының «Арыстар мен Ағыстар» (2004 — 2007) аталатын алты томдық шығармалар жинағы жарық көрген. Шығармалары орыс, түрік, өзбек, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылып басылған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>