Қопарылғыш газдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:54, 2011 ж. желтоқсанның 7 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Қопарылғыш газдар<ref name="source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>, шахтадағы қопарылғыш газдар – белгілі бір пропорцияда ауамен араласқан кезде қопарылыс туғызатын газдар (метан, жоғары көмірсутектер, сутек, көміртек оксиді, т.б.). Құрамындағы метанның мөлшері 5%-дан (қопарылғыштың төменгі шегі) 16%-ға (қопарылғыштың жоғарғы шегі) жеткенде метанның атмосферасы ауамен қоспасы қопарылыс туғызады. Қуаты күшті қопарылыс метанның концентрациясы шамамен 9,5%-ға жеткенде, яғни метан мен оттек толық реакцияға түскенде байқалады. Метанды ауа қоспасының тұтануы 650 – 750 градус температура кезінде өтеді. Метанды ауа қоспасының қопарылысы кезінде едәуір жылу бөлетін реакция (CH4+2O2=CO2+2H2O) жүреді. Қопарылғыш қоспалар жер асты өрттері кезінде пайда болатын көміртек оксиді, сутек, бензиннің буы, т.б. жеңіл тұтанатын сұйықтардың ауамен араласуы нәтижесінен пайда болады.


Пайдаланған әдебиетттер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қопарылғыш газдар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}