Қопарылғыш газдар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қопарылғыш газдар<ref name="source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>, шахтадағы қопарылғыш газдар – белгілі бір пропорцияда ауамен араласқан кезде қопарылыс туғызатын газдар (метан, жоғары көмірсутектер, сутек, көміртек оксиді, т.б.). Құрамындағы метанның мөлшері 5%-дан (қопарылғыштың төменгі шегі) 16%-ға (қопарылғыштың жоғарғы шегі) жеткенде метанның атмосферасы ауамен қоспасы қопарылыс туғызады. Қуаты күшті қопарылыс метанның концентрациясы шамамен 9,5%-ға жеткенде, яғни метан мен оттек толық реакцияға түскенде байқалады. Метанды ауа қоспасының тұтануы 650 – 750 градус температура кезінде өтеді. Метанды ауа қоспасының қопарылысы кезінде едәуір жылу бөлетін реакция (CH4+2O2=CO2+2H2O) жүреді. Қопарылғыш қоспалар жер асты өрттері кезінде пайда болатын көміртек оксиді, сутек, бензиннің буы, т.б. жеңіл тұтанатын сұйықтардың ауамен араласуы нәтижесінен пайда болады.


Пайдаланған әдебиетттер

<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала