Қиын-Керіш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:21, 2015 ж. желтоқсанның 28 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Қиын-Керіш - қызыл топырақты құлама жарлардан, өркештелген адырлардан, қызғылт сары, ақ, көк және басқада сан түрлі топырақты мұнаралардан тұратын ерекше шатқал. Аумағы 300 га.

Географиялық орны

Орналасқан жері - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының орталығы Күршімнен оңтүстікке қарай (Күршім-Қалжыр жолы бойымен) - 120 км, Зайсан көлі мен Аманат ауылы тұсынан солтүстікке қарай - 25-28 км.

Сипаты және ерекшелігі

Топырағының қызғылт түсі жаздың аптап ыстығында сағымданып, жалын шашып тұрғандай көрінеді, сондықтан "Жалынды жар" деп те атайды. Қиын-Керіштің ең басты қазынасы - әр геологиялық дәуірлер із қалдырған түрлі-түсті қатпарлары, шөгінділері мен бедерлері. Геологтар бұл жерді табиғат ескерткіші деп санауда. Топырақ құрамы ақ балшықтан тұратындықтан қар, жаңбыр суларынан майша еріп, шатқал маңындағы жолдарда көліктер тайғанақтап, батып, жолаушылардың өтуіне қиындықтар келтіреді. "Қиын-Керіш" деп осы жол қиындығына байланысты қойылса керек. Жалпы "керіш" сөзі түркі тілінде "тау", "жота" дегенді білдіреді. <ref>"Ана тілі".2012. Ғ.Байбатыров</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>