Қазақстан табиғат ескерткіштерінің тізімі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi — экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қазақстан табиғат ескерткіштер тізімі
Атауы | Көлемі, га | Орналасқан жері |
---|---|---|
«„Дулыға“ сүйір шоқысы» | 2 | Ақмола облысы |
«Қара май шоқысы» | 1 | Ақмола облысы |
«„Қашқын“ шоқысы» | 1,3 | Ақмола облысы |
«Көк мүйіс» | 1,2 | Ақмола облысы |
«Көне ағашты тоған» | 1 | Ақмола облысы |
«Қызыл күрең мүйісі» | 0,5 | Ақмола облысы |
«Малта тасты шоқы» | 2 | Ақмола облысы |
«„Өрт байқау“ шоқысы» | 1 | Ақмола облысы |
«Баум тоғайы» | 130 | Алматы қаласы |
«Айғай құм» | 240 | Алматы облысы |
«Шарын шетен тоғайы» | 5014 | Алматы облысы |
«Шынтүрген шыршалары» | 900 | Алматы облысы |
«Қаз қайтуы» | 2 | Павлодар облысы |
«Айыртау шоқысы» | 2 | Солтүстік Қазақстан облысы |
«„Бүркіттау“ шоқысы“ және „Қайнар көз“» | 3 | Солтүстік Қазақстан облысы |
«Жаңажол» | 9 | Солтүстік Қазақстан облысы |
«Имантау көлінің аралы» | 34,4 | Солтүстік Қазақстан облысы |
«„Қазан“ жартасы шөгінділері» | 3,9 | Солтүстік Қазақстан облысы |
«Қарағайлы орман» | 26 | Солтүстік Қазақстан облысы |
«„Қостау“ шоқысы» | 10,5 | Солтүстік Қазақстан облысы |
«Көне алап» | 2 | Солтүстік Қазақстан облысы |
«Күміс қарағайлы орман» | 83 | Солтүстік Қазақстан облысы |
«Сүйір шоқы» | 3 | Солтүстік Қазақстан облысы |
«Үңгірлі сарқырама» | 0,5 | Солтүстік Қазақстан облысы |
«„Шолғыншы“ шоқысы» | 3,8 | Солтүстік Қазақстан облысы |
«Көкшілтау самырсын тоғайы» | 137 | Шығыс Қазақстан облысы |
«Қиын-Керіш» | 300 | Шығыс Қазақстан облысы |
Тағы қараңыз