Қарабұдыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

05:27, 2011 ж. желтоқсанның 7 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

ҚарабұдырНарын құмының оңтүстік-батысындағы құмды алқап. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бисен ауданының оңтүстік-шығысында 55 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен ең биік жері 11 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 30 км-ге созылып жатыр, енді жері 8 км шамасында. Тізбекті төбешіктердің бойында бірнеше қыстаулар орналасқан. Шығысында Қызыл, солтүстік-шығысында Мешітқұм, Қарағали құмдары, оңтүстігінде Ащықақ соры жатыр. Неоген мен ортаңғы және жоғарғы төрттік кезеңінің жыныстарынан түзілген. Сортаңды сұр, ашық қоңыр топырақ жамылғысында қияқ, құмаршық, жүзгін, еркек шөп, жусан, етектерінде бұталар өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref> Қазақ Энциклопедиясы </ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}