Шыңғыстау-тарбағатай қатпарлы жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:33, 2015 ж. мамырдың 22 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Шыңғыстау-Тарбағатай қатпарлы жүйесі – алғашқы палеозойда тұрақтанған каледондық құрылым.

Геологиялық құрылымы

Жүйе солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған құрылымдар жиынтығынан тұрады. Ол батысында Орталық Қазақстан терең жарылымы арқылы Көкшетау-Тянь-Шань жүйесінің Майқайың және Баянауыл құрылымдарымен тоғысса, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде герциндік Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйесіне жататын Шыңғыс маңы құрылымдық-формациялық белдемімен жапсарласқан.

Сипаты

Жүйенің солтүстігінен Ертіс маңы ойысы көмкерсе, Тарбағатай жоталарынан тұратын оңтүстік-шығыс бөлігі Қытаймен жалғасқан. Жүйе Шыңғыс терең жарылымы арқылы екі бөлікке бөлінген. Бұл жарылымның оңтүстік-батыс бөлігінде Ақшатау және Абыралы (Майбұлақ) құрылымдық-формациялық белдемдері оқшауланса, ал солтүстік-шығыс бөлігінде Ханшыңғыс және Арқалық құрылымдық-формациялық белдемдері жатыр. Жарылымның шығыс бетінде Батыс Тарбағатай белдемі орналасқан. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 9 т.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шыңғыстау-тарбағатай қатпарлы жүйесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}