Чапай Ғабдығалиұлы Мусин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

06:50, 2015 ж. қыркүйектің 9 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Чапай Ғабдығалиұлы Мусин (20.2.1935, Батыс Қазақстан облысы қазіргі Сырым ауданы Қоңыр ауылында – 28.7.2009, Алматы қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1984), профессор (1984). ҚазМУ-ды (1956, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген.Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтында (Тараз мемлекеттік университеті) аға оқытушы (1963–66), Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтында аға ғылым қызметкер (1969–75), Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) доцент (1975–82), Қазақ физкультура институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы), Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) кафедра меңгерушісі (1982–86), Қазақ көлік және коммуникация академиясында кафедра меңгерушісі, профессор (1986–2007) қызметтерін атқарды. 1982 ж. «Руководства компартии Казахстана комсомолом Республики в условиях развитого социализма» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғаған.<ref name="Source 2">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Чапай Ғабдығалиұлы Мусин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}